Без рубрики

АҚША ТАБУ ҮШІН THREADS ЖЕЛІСІНДЕ ӘСКЕРДЕГІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАН 23 ЖАСТАҒЫ АСТАНАЛЫҚ СОТТАЛДЫ

Елордада әлеуметтік желі арқылы әдейі жалған ақпарат таратып, заңсыз жолмен ақша жинамақ болған 23 жастағы тұрғынға қатысты сот үкімі шықты.

Тергеу материалдарына сәйкес, биыл ақпан айында ол Threads желісінде анонимді жазба жариялап, әскери қызмет барысында өзіне жыныстық зорлық-зомбылық жасалғанын ойдан шығарған. Сондай-ақ өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып, шетелге кету үшін қаржылай көмек сұраған. Жазбада ақша аударуға арналған банк реквизиттері де көрсетілген.

Алайда әлеуметтік желі қолданушыларының бірі күмән келтіріп, шағымданғаннан кейін жүргізілген тексеріс барысында жарияланған мәліметтердің шындыққа жанаспайтыны анықталды. Белгілі болғандай, сотталған азаматтың әскери қызмет өткермегені де расталған. Ақша жинау үшін ол мән-жайды білмейтін 17 жастағы танысының банк шотын пайдаланған. Екі күн ішінде бұл шотқа 15-тен астам ақша аударымы түскен.

Тергеп-тексеру барысында күдікті жалған ақпаратты тек пайда табу мақсатында таратқанын мойындады. Осы дерек бойынша алаяқтық және көрінеу жалған ақпарат тарату фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот оны кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілердегі тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге және бейтаныс адамдарға ақша аудармауға шақырады. Ресми дереккөздерге ғана сүйену қажеттігі ескертілді.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close