Без рубрики

Каспий жағасында жоғалған 18 жастағы жігіттің денесі табылды

Маңғыстау облысында Каспий теңізі жағалауында жоғалып кеткен 18 жастағы Азамат Дүйсехановтың мәйіті табылды.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстары теңіз жағалауының арнайы жабдықталмаған аумағында жүргізілген.

Құтқарушылар жас жігіттің денесін бүгін Ақтау қаласынан шамамен 51 шақырым қашықтықтағы жағалау маңынан тапқан. Мәйіт жағалаудан шамамен 10 метр жерде, судың ішінен табылған.

Арнайы топ мүшелері мәйітті судан шығарып, одан әрі тиісті рәсімдерді жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Еске сала кетейік, 18 жастағы Азамат Дүйсеханов 7 шілде күні күндіз «O’Mir» курорттық қонақүйі маңында жоғалып кеткен болатын. Содан бері оны іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері және еріктілер жұмылдырылған еді.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close