Без рубрики

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МОҢҒОЛИЯ ПРЕЗИДЕНТІН НААДАМ ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухқа Наадам ұлттық мерекесіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы өз жеделхатында Моңғолияның Ухнаагийн Хурэлсухтың басшылығымен тұрақты дамып келе жатқанын атап өтіп, екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен сан қырлы ынтымақтастықтың алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.

Президент Қазақстан мен Моңғолия арасындағы өзара құрметке негізделген қарым-қатынастың екі халықтың игілігі жолында одан әрі дами беретініне тоқталып, әріптесіне жауапты мемлекеттік қызметінде толағай табыс тіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close