Без рубрики

ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРҒА ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Қазақстанда табысы төмен азаматтарға көрсетілетін тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібіне өзгерістер енгізілді. Жаңа қағидалар әлеуметтік қолдауды нақтылауға және тұрғын үй шығындарын өтеу тетігін жетілдіруге бағытталған.

Тұрғын үй көмегі отбасының табысы мен тұрғын үйге байланысты шығындары ескеріліп есептеледі. Бұл ретте әр өңір өз аумағына қарай азаматтардың коммуналдық төлемдерге және басқа да міндетті шығындарға жұмсайтын шекті үлесін белгілейді.

Мысалы, отбасының ай сайынғы жалпы табысы 300 мың теңгені құраса, ал өңірде белгіленген шек 10 пайыз болса, отбасы тұрғын үй шығындарының 30 мың теңгесін өз қаражаты есебінен төлейді.

Егер коммуналдық қызметтер, тұрғын үйді күтіп ұстау және басқа да міндетті төлемдер көлемі 45 мың теңгеге жетсе, белгіленген шектен асқан 15 мың теңге мемлекет тарапынан өтеледі.

Жаңа тәртіп бойынша тұрғын үй көмегін есептеу кезінде азаматтардың нақты қаржылық жағдайы, табыс деңгейі және тұрғын үйді ұстауға кететін шығындары ескеріледі.

Әлеуметтік қолдаудың бұл түрі табысы төмен отбасыларға коммуналдық төлемдер ауыртпалығын азайтып, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close