Без рубрики

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ АПТАП ЫСТЫҚТА КҮН ӨТУ ҚАУПІН ЕСКЕРТТІ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ауа температурасы жоғарылаған кезеңде тұрғындарға сақтық шараларын күшейту қажеттігін ескертті.

Ведомствоның мәліметінше, аптап ыстықта күн өту адам денсаулығына елеулі қауіп төндіруі мүмкін. Бұл – ағзаның шамадан тыс қызуы салдарынан дене температурасын қалыпты деңгейде ұстап тұру қабілеті бұзылатын қауіпті жағдай.

Министрлік өкілдері уақтылы медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда күн өту миға, жүрекке, бүйрекке және басқа да өмірлік маңызды ағзаларға зиян келтіруі мүмкін екенін атап өтті. Ауыр жағдайларда бұл адам өміріне қауіп төндіреді.

Мамандардың айтуынша, күн өтудің негізгі белгілеріне дене қызуының күрт көтерілуі, қатты әлсіздік, бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, сананың шатасуы және естен тану жатады.

Дәрігерлер ыстық күндері ұзақ уақыт бойы тікелей күн сәулесінің астында жүрмеуге, әсіресе күннің ең ыстық уақытында сыртқа шығуды шектеуге кеңес береді. Сондай-ақ жеткілікті мөлшерде су ішу, жеңіл әрі ашық түсті киім кию және балалар мен егде жастағы адамдарға ерекше назар аудару қажет.

Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, аптап ыстық кезінде қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close