Без рубрики
АША МАТАЙ ДЕБАТТАН БАС ТАРТТЫ
Құрылтай депутаттығына Қазақстан Халық партиясы атынан ұсынылған кандидат, әнші, актриса Аша Матай заңгер Мейірман Шекеевтің пікірталасқа шақыруына жауап берді.

Аша Матайдың айтуынша, ол ер адамдармен айтысуға тәрбиесі жол бермейтінін айтып, дебатқа қатысудан бас тартқан.
Сонымен қатар кандидат өзінің екі жоғары білімі бар екенін де мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін заңгер Мейірман Шекеев Аша Матайды ашық пікірталасқа шақырған болатын. Алайда актриса бұл ұсынысты қабылдамай, өз ұстанымын тәрбиесімен байланыстырды.
Айта кетейік, Аша Матай Құрылтай депутаттығына Қазақстан Халық партиясының атынан кандидат ретінде ұсынылған.



