Без рубрики

АЛАКӨЛДЕ ГИДРОЦИКЛДЕР СОҚТЫҒЫСЫП, БІР АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Алакөл көлінің акваториясында гидроциклдердің соқтығысуы салдарынан бір адам көз жұмды. Қайғылы оқиға 17 шілде күні кешкі уақытта, шамамен сағат 21:00-де болған.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, апат су бетіндегі көріну мүмкіндігі төмендеген мезгілде орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі гидроцикл соқтығысып, соның салдарынан бір адам қаза тапқан.

Аталған дерекке байланысты Алакөл аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Алакөл аудандық полиция бөлімі өз құзыреті шегінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Құқық қорғау органдары оқиғаның нақты мән-жайы мен себептерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Тергеу нәтижесіне сәйкес қосымша ақпарат жарияланатын болады.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close