Без рубрики

ТОҚАЕВ ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұхановты қабылдап, ведомство жұмысының негізгі бағыттарын талқылады.

Президент маусымдық төтенше жағдайларға дайындықты күшейтіп, аудандық және ауылдық бөлімшелерді дамыту әрі олардың техникалық жарақтандырылуын арттыру қажеттігін атап өтті.

Кездесуде өрт, өнеркәсіп және сейсмологиялық қауіпсіздік мәселелеріне, халықты жедел хабардар ету жүйесін жетілдіруге ерекше мән берілді. Сондай-ақ төтенше жағдайларды болжау және ерте анықтау үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізу тапсырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрлік кадрлық әлеуетін нығайтып, құтқарушылардың кәсіби даярлығын күшейтуі қажет екенін айтты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close