Без рубрики

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕК КЕСЕНЕСІ ЖАҢҒЫРТЫЛЫП ЖАТЫР

Түркістан облысы Отырар ауданындағы Өзбекәлі Жәнібек кесенесі аумағында реставрация жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жаңғырту жұмыстарын «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары жүзеге асыруда.

Қазіргі уақытта кесененің күмбездерін қыш кірпішпен қаптау жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандардың айтуынша, кірпіш қаптау аяқталған соң жауын-шашын суының өтуіне жол бермеу үшін жіктері арнайы қорғаныш қоспамен толтырылады.

Сонымен қатар кесененің ішкі бөлігінде де ауқымды қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Қабырғалар мен төбенің үгітілген сылақ қабаты толықтай алынып, тарихи ерекшелігі сақтала отырып қайта сыланған.

Алдағы кезеңде кесененің едені жаңартылып, реставрациядан өткен есіктер мен терезелер өз орындарына қайта орнатылады.

Мамандардың айтуынша, жүргізіліп жатқан жұмыстар кесененің тарихи келбетін сақтап, оның ұзақ жылдар бойы бүлінбей сақталуына мүмкіндік береді. Жоба тарихи-мәдени мұраны қорғау және келер ұрпаққа аман жеткізу мақсатында жүзеге асырылып жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close