Без рубрики

ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫ ҚАНША ЖАЛАҚЫ АЛАДЫ?

Құрылтай депутаттарының ай сайынғы жалақысы 600 мың теңгеден басталып, 1 миллион теңгеге дейін жетеді. Бұл туралы Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева брифингте айтты.

Журналистер депутаттардың еңбекақысы туралы сұрақ қойған. Дания Еспаеваның айтуынша, жалақы мөлшері депутаттың еңбек өтіліне қарай есептеледі.

«Қазір депутаттардың жалақысы 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін жетеді. Егер депутаттың еңбек өтілі көп болса, оның жалақысы 1 миллион теңге болады», – деді Дания Еспаева.

Айта кетейік, депутаттардың кірістері туралы декларацияда негізгі жалақы мен жұбайларының еңбекақысы көрсетілмейді. Құжатта дивиденд, сыйақы және мүлік сатудан түскен салық салынатын қосымша кірістер қамтылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close