Без рубрики
АСТАНАДА КӨПІР ҮСТІНДЕ ЕКІ АВТОБУС СОҚТЫҒЫСТЫ
Астанада «Арқар» көпірінен түсер жолда екі маршруттық автобус соқтығысып, бір жолаушы зардап шекті. Оқиға 10 қыркүйекте Сарайшық көшесінде болған.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Қошқарбаев даңғылы жағынан келе жатқан Yutong автобусының жүргізушісі қауіпсіз бүйірлік арақашықтықты сақтамай, сол бағытта оң жақ жолақпен қозғалып келе жатқан Iveco автобусына соғылған.
Соқтығыс салдарынан Iveco автобусындағы бір жолаушы жарақат алып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Оқиғадан кейін автобустардағы жолаушылар сыртқа шығарылған.
Полиция жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріледі.



