Без рубрики

«ҚАЗАВТОЖОЛ» ЖОЛ БОЙЫНА ҚОҚЫС ТАСТАҒАНДАРДЫҢ ВИДЕОСЫН ЖАРИЯЛАМАҚ

«ҚазАвтоЖол» жол бойындағы қоқыс жәшіктеріне тұрмыстық қалдықтарды әдейі әкеліп тастайтын азаматтарға қатысты бейнежазбаларды жарияламақ.

Компанияның мәліметінше, кейбір елді мекен тұрғындары үй қоқысын арнайы көлікпен әкеліп, жол бойындағы жәшіктерге тастап кетеді. Бұл жол қызметкерлеріне қосымша жұмыс жүктеп отыр.

Жол бойындағы қоқыс жәшіктері жүргізушілер мен жолаушылардың сапар кезінде жиналған шағын көлемдегі қалдықтарын тастауға арналған. Ал үй тұрмысынан шыққан қоқысты арнайы әкеліп тастау жол қызметкерлерінің міндетіне кірмейді.

«ҚазАвтоЖол» мұндай әрекеттердің бейнебақылау камераларына түсіп жатқанын хабарлады. Алдағы уақытта қоқыс тастаған азаматтардың фото және бейнематериалдары жарияланбақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close