#Жастар

ӘЛЕМГЕ ЕЛДІ ТАНЫТҚАН СПОРТШЫМЕН КЕЗДЕСУ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған «ЖҰЛДЫЗДЫ 30 КҮН» мерекелік іс-шаралар жоспарына сәйкес Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты 68-мектепте «Өнеге» ұлдар клубының төрағасы Ә.Кенжеғұлов , Ғ.Дауылбаевтардың ұйымдастыруымен кездесу өткізілді.

Кездесуге еліміздің мақтанышы Бокстан 54 кг-ға дейінгі салмақта Сербия астанасы Белградта өткен 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстанның 5 дүркін, Азияның 3 дүркін чемпионы Сабырхан Махмуд Айдарбекұлы шақырылды.
Кездесу барысында Сабырхан Махмуд Айдарбекұлы өзінің спорт жолына қалай келгендігі, жетістіктерге қалай қол жеткізгендігі туралы әңгімелеп берді. Оқушылар да толғандырған сұрақтарына жауап алды.
С.М.Айдарбекұлы оқушыларды сабақты дұрыс оқып, уақытты тиімді пайдалана білу мен бірге салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әрекеттерден аулақ болуға, спортпен айналысуға шақырды.
Кездесуден мектеп оқушылары ерекше әсер алды. Елім, жерім дейтін білімді де, білікті спортшыларымыз көп болсын!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close