Без рубрики
ШҚО-ДА ЗАҢСЫЗ АЛТЫН ӨНДІРГЕН ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Шығыс Қазақстан облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқан топтың қызметі әшкереленіп, тоқтатылды.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер ешқандай рұқсат құжаттарынсыз пайдалы қазба өндірген. Заңсыз әрекеттің салдарынан шамамен 30 гектар жер бүлініп, өзен арнасының табиғи ағысы өзгерген.
Қылмыстық схемаға 30-дан астам адам, оның ішінде Қытай Халық Республикасының азаматтары да қатысқаны анықталған.
Тінту барысында құқық қорғау органдары алтын өндіруге пайдаланылған ауыр техниканы, өндірістік кешендерді және өзге де заттай дәлелдемелерді тәркіледі.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары заңсыз өндіру көлемі мен мемлекетке келтірілген залал мөлшерін анықтауда.



