Без рубрики
APPLE АЛҒАШҚЫ БҮКТЕЛЕТІН IPHONE DUO СМАРТФОНЫН ТАНЫСТЫРДЫ
Apple компаниясы алғашқы бүктелетін iPhone Duo смартфонын таныстырды. Құрылғы ашылған кезде 7,6 дюймдік ішкі экранға ие, ал сыртқы экранының өлшемі 5,4 дюймді құрайды.

Смартфонның ішкі жады 256 ГБ-тан басталып, 2 ТБ-қа дейін жетеді. Компанияның мәліметінше, сыртқы экран арқылы видео көрген кезде құрылғы 44 сағатқа дейін жұмыс істей алады.
iPhone Duo-да Split View функциясы қарастырылған. Ол екі қосымшаны бір уақытта пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ негізгі камера арқылы селфи түсіріп, кадрды сыртқы экраннан бақылауға болады.
Жаңа смартфонның бағасы 2 мың доллардан басталып, 3 мың долларға дейін жетеді. Ресми сатылымы 23 қазанда басталады.



