ҮКІМЕТ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰРАМЫ ЖАСАҚТАЛДЫ
Қазақстанда Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 3 қыркүйектегі жарлықтарына сәйкес, Үкімет мүшелерінің басым бөлігі атқарып келген қызметтерін сақтап қалды.

Үкімет құрамында қызметін жалғастыратындар:
- Нұрлыбек Нәлібаев – Премьер-Министрдің бірінші орынбасары;
- Ғалымжан Қойшыбаев – Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы;
- Қанат Бозымбаев – Премьер-Министрдің орынбасары;
- Серік Жұманғарин – Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі;
- Жаслан Мәдиев – Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі;
- Ержан Сәденов – Ішкі істер министрі;
- Дәурен Қосанов – Қорғаныс министрі;
- Айдарбек Сапаров – Ауыл шаруашылығы министрі;
- Саясат Нұрбек – Ғылым және жоғары білім министрі;
- Ақмарал Әлназарова – Денсаулық сақтау министрі;
- Мәди Такиев – Қаржы министрі;
- Арман Шаққалиев – Сауда және интеграция министрі;
- Нұржан Нұржігітов – Су ресурстары және ирригация министрі;
- Ербол Мырзабосынов – Туризм және спорт министрі;
- Ерлан Сәрсембаев – Әділет министрі;
- Ерсайын Нағаспаев – Өнеркәсіп және құрылыс министрі;
- Ерлан Ақкенженов – Энергетика министрі;
- Нұрлан Сауранбаев – Көлік министрі;
- Жұлдыз Сүлейменова – Оқу-ағарту министрі;
- Асқарбек Ертаев – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Еске сала кетейік, Олжас Бектенов Премьер-Министр лауазымын сақтап қалды. Құрылтай депутаттары оның кандидатурасын мақұлдағаннан кейін Президент 31 тамызда оны Үкімет басшысы қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.
Сонымен бірге жаңа Үкімет құрамында бірқатар кадрлық өзгеріс болды.
Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі қызметіне тағайындалды. Ведомствоны бұған дейін басқарған Аида Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары болды.
Төтенше жағдайлар министрлігін Мұрат Мұханов басқаратын болды. Ол аталған қызметте Шыңғыс Әріновті алмастырды.
Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына Әлібек Қуантыров тағайындалды. Бұған дейін бұл ведомствоға Ерлан Нысанбаев жетекшілік еткен.
Ал 2 қыркүйекте Мұхтар Тілеуберді Ермек Көшербаевтың орнына Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.



