#Жастар

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ЖІГІТТЕРІ БАҚ СЫНАСТЫ

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының қолдауымен Техникалық колледжде «Тәуелсіздік ұланы» атты студент ер балалар арасында жігіт сұлтаны өтті.

Аталмыш сайыстың мақсаты – Тәуелсіздік жолында қазақ халқының басынан өткерген тарихи оқиғаларына сыйластық және құрметпен қарап, Республика тарихына дұрыс түсінік пен шынайы көзқарасты қалыптастыруда студенттердің бойында патриоттық рухын тәрбиелеу.

Студент ер жігіттер қол күрес, кір тас көтеру, тир ату спорт түрлерінен және салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауап айдары бойынша сайысқа түсті. Сайыс нәтижесінде жеңіске жеткен қатысушыларға жастар орталығының атынан алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар тарту етілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close