#Жастар

ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН TEDX ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қыймыл агенттігінің» Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен TedX форматында кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты: Жастардың парасаттылықты арттыру жөніндегі ұсыныстары мен идеяларының жинағы және БАҚ-та ақпаратты орналастыру. Жастардың бір-бірімен өзара байланысы, қоғамдық іс-шараларға қатысуға қызығушылығын арттыру.

Аталмыш кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қыймыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Жазира Әлжанова, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Ерлан Альжанов және Джиу-джитсудан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы Ғалымжан Қатбаев қатысты.

Кездесуде барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша кездесуге қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close