#Жастар

QIZZIES ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ж. Жабаевтың 175 жылдығына арналған Qizzies интеллектуалды сайысы өтті.

Студенттерге ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасау арқылы жеке тұлғасын танытуды, ақын шығармашылығына деген қызығушылықты оятып, рухани танымдарын кеңейтуді, сонымен қатар, туған халқының талантты ақынына, әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеуді мақсат еткен аталмыш сайыс карантиндік режимді сақтай отырып, өткізілді.

Сайысқа «Жол көлік» колледжінің 1 курс студенттері қатысты. Сайыс барысында Жамбыл атамыздың өмірі мен шығармашылығынан алынған сұрақтарға жауап беріп, Жамбыл атаға арнап домбырамен өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар ақынның өлеңдерінен мәнерлеп оқу айдарында студенттер өз өнерін ортаға салды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close