#Жастар

ЖАСӨСПІРІМДЕР БОЙЫНША ТҮНГІ РЕЙД ӨТКІЗІЛДІ

Шымкентте кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында Еңбекші аудандық ЮПТ инспекторлары түнгі рейдке шықты.
Полиция қызметкерлері рейд барысында жасөспірімдер жүретін орындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кәмелет жасқа толмағандар сағат 22:00-ден ойын-сауық орталықтарында және 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінсіз үй-жайлардан тыс жерлерге шығуға заңмен тыйым салынған.
Алайда ата-аналар бұл шектеулерді білсе де балаларын дүкенге жіберетін жағдайлар кездеседі. Не болмаса көшеде, көпқабатты тұрғын үй ауласында отырады.

Құқық бұзушылық пен қылмыстық оқиғалардың дені түнгі уақытта орын алатынын ескерсек, жас балалардың түнделетіп жүруі кейде қайғылы оқиғаларға соқтыруы мүмкін. Сондықтан, бала өмірі үшін сақтық шарасын ең алдымен ата-аналар ұстануы тиістігін ескертеді полиция өкілдері.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close