Без рубрики

ШЫМКЕНТТЕ ЕР АДАМ КӨРШІСІН ҰРЫП ӨЛТІРДІ ДЕГЕН КҮДІКПЕН ҰСТАЛДЫ

Шымкентте ер адам көршісін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталды. Оқиғаға қатысты полиция «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Алдын ала мәлімет бойынша, екі көршінің арасында жанжал туындаған. Сол кезде күдікті жәбірленушіге бірнеше рет соққы жасаған. Алған ауыр дене жарақаттарының салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Күдікті жедел анықталып, ұсталған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция тергеу мүддесіне байланысты әзірге өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close