Без рубрики

ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ ЭКСПОРТЫНА САЛЫНАТЫН БАЖДЫ 24%-ҒА ЖУЫҚ КӨТЕРДІ

Тамыз айымен салыстырғанда экспорттық баж тоннасына 18 долларға, яғни 23,7 пайызға өскен. Мөлшерлеменің көтерілуіне Brent және KEBCO маркалы мұнайдың әлемдік бағасының қымбаттауы себеп болған.

Экспорттық баж мөлшері маусым айында бекітілген жаңа тәртіпке сәйкес есептеледі. Енді Қазақстаннан мұнай экспорттауға салынатын баж көлемі алдыңғы айдағы Brent және KEBCO маркалы мұнайдың орташа әлемдік бағасына байланысты белгіленеді.

Осыған сәйкес әлемдік нарықтағы мұнай бағасы жоғарылаған сайын Қазақстандағы экспорттық баж мөлшерлемесі де артады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close