Без рубрики
ЕЛІМІЗДЕ ТАҒЫ 18 ЗАҢҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛЕДІ
Қазақстанда Конституция талаптарына сәйкестендіру мақсатында тағы 18 заңға түзетулер енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы вице-премьер әрі мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, заңнамалық өзгерістер қоғам өмірінің бірнеше маңызды бағытын қамтиды. Атап айтқанда, сөз бостандығы мен ақпарат тарату, діни ұйымдардың қызметі, бейбіт жиналыстар өткізу тәртібі, волонтерлік қызметті қолдау, қайырымдылық, мәдениет және кинематография салалары бойынша түзетулер енгізіледі.
Сондай-ақ Конституция нормаларынан тікелей туындайтын өзге де заңнамалық өзгерістер қарастырылып жатыр.
Билік өкілдерінің сөзінше, бұл бастамалар қолданыстағы заңнаманы жаңартуға және оны елдің негізгі заңы талаптарына толық сәйкестендіруге бағытталған.



