Без рубрики

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ JENNIFER LOPEZ КОНЦЕРТІНЕ АРНАЛҒАН БИЛЕТ АҚШАСЫН СОТ АРҚЫЛЫ ҚАЙТАРЫП АЛДЫ

Павлодар қаласының тұрғыны әлемге танымал әнші Jennifer Lopez-тің концертіне билет сатып алу үшін 376 869 теңге төлегенімен, билет өзіне берілмеген. Кейін ол төленген қаражатты қайтаруды талап еткен.

Алайда туристік агенттік билет құнын толық қайтарудан бас тартып, қаражаттың 30 пайызын ұстап қалатынын мәлімдеген.

Іс сотқа жетіп, апелляциялық алқа тұтынушының талабын қанағаттандырды. Сот туристік агенттіктің әрекетін заңсыз деп танып, сатып алушыға билет үшін төленген 376 869 теңгені толық көлемде қайтаруды міндеттеді.

Осылайша, апелляциялық сот бірінші кезекте тұтынушының құқығын қорғап, қызмет көрсетуші тараптың қаражаттың бір бөлігін негізсіз ұстап қалуына жол берілмейтінін атап өтті.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close