Без рубрики
БАЯНАУЫЛДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ БАР ЗАМАНАУИ ВИЗИТ-ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Баянауылда туристерге қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған Vizit Bayanaul «Сарыарқа сыры» заманауи визит-орталығы пайдалануға берілді. Жоба Мемлекет басшысының еліміздегі туристік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүзеге асырылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қатысып, жаңа нысанның өңірдегі туризмді дамытудағы маңызына тоқталды.
Жаңа визит-орталық жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, келушілерге туристік бағыттар, көрікті орындар, қызмет көрсету нысандары және өңірдің тарихи-мәдени мұрасы туралы жедел әрі ыңғайлы ақпарат ұсынады.
Соңғы жылдары жүргізілген ауқымды жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде Баянауыл Қазақстанның жетекші туристік бағыттарының біріне айналып келеді. Биыл курорттық аймақтың бір туристік маусымда 300 мыңға дейін демалушыны қабылдау мүмкіндігі бар. Жаңа визит-орталық осы әлеуетті тиімді пайдаланып, туристерге көрсетілетін қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.



