Без рубрики

КТК ТЕҢІЗ ТЕРМИНАЛЫНА ДРОН ШАБУЫЛЫ ЖАСАЛДЫ

Каспий құбыр консорциумының (КТК) Теңіз терминалында кезекті төтенше жағдай тіркелді. Мұнай тиеу жұмыстары жүргізіліп жатқан сәтте «NELSA» азаматтық теңіз танкеріне пилотсыз ұшу аппараты шабуыл жасаған.

Оқиға салдарынан танкер экипажына қауіп төнген. Борттағы 22 адамнан тұратын халықаралық экипаж қауіпсіздік мақсатында консорциумның буксирлері арқылы эвакуацияланды. Қазіргі уақытта кемеде капитан мен капитанның аға көмекшісі ғана қалғаны хабарланды.

Алдын ала мәлімет бойынша, танкер жүзу қабілетін сақтап қалған. Мамандар кеменің жағдайын бақылауға алып, қауіпсіздік шараларын күшейткен.

Оқиғадан кейін КТК Теңіз терминалындағы мұнай тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылды. Қазіргі таңда жағдайды бағалау және салдарын жою бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Каспий құбыр консорциумы аталған оқиғаға байланысты қосымша ақпараттың ресми түрде жарияланатынын мәлімдеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close