Без рубрики

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ САЙРАМ АУДАНЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында және Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Сайрам ауданында кезекті жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды

Іс-шараның негізгі мақсаты – аудан аумағын таза ұстау. Әрі  санитарлық жағдайыды бұрынғыдан жақсарта түсу. Сондай-ақ тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Мұндай бастамалр аудан тұрғындарының арасында ауыз біршілікті арттырып, қоршаған ортаны бірлесе қорғауына септігін тигізеді.

Бұл жолы  тазалық жұмыстары Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Машат ауылында өтті. Сенбілікке 300-ге жуық тұрғын белсенді қатысып, 6 арнайы техника жұмылдырылды. Тұрғындар көше бойларын, арық-атыздарды, қоғамдық орындарды және демалыс аймақтарын қоқыстан тазартты. Нәтижесінде 4 тоннаға жуық күл-қоқыс жиналып, арнайы полигондарға шығарылды. Сонымен қатар, жол жиектері ретке келтіріліп, бей-берекет өскен арамшөптер шабылып, ағаштардың түптері әктелді. Мұндай  шаралар  өскелең ұрпақты табиғатты аялауға шақырады.

Тазалық жұмыстары бір ғана ауылды тазалаумен шектеліп қалған жоқ.  Дәл осындай іс-шара аудандағы тағы 11 ауылдық округінде де жүргізілді.  Сенбілік барысында көшелер, арықтар, әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындар аумақтары тазартылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында кешенді жұмыстар атқарылды. Ауылішілік жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдары тазартылып, қоғамдық орындардың санитарлық жағдайына ерекше көңіл бөлінді. Әрбір ауылдық округте тұрғындар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары, еріктілер және кәсіпкерлер бірлесе еңбек етіп, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты.

Жалпы аудан бойынша өткен сенбілікке 2987 адам қатысып, 13 арнайы техника жұмылдырылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 10 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Жиналған қалдықтар арнайы техникамен белгіленген орындарға жеткізіліп, заң талаптарына сәйкес кәдеге жаратылды. Тұрақты түрде атқарылатын мұндай жұмыстар экологияның жағдайын жақсарта түседі. Сонымен қатар, адам денсаулығына да айтарлықтай оң әсерін тигізеді.

Экологиялық акция барысында тек қоқыс жинаумен шектелмеді. Мамандар тұрғындар арасында қоршаған ортаны қорғау, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және табиғатқа жанашырлықпен қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары да жүргізді. Жалпы мамандар қоршаған ортаның тазалығы әрбір азаматтың күнделікті әрекетіне байланысты екенін айтып, тұрғындарды көшеге қоқыс тастамауға, жасыл желектерді қорғауға және қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға шақырды. Мұндай түсіндіру жұмыстары әсіресе жас ұрпақтың бойында экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

 

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбіліктер аудан көлемінде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Оның нәтижесінде елді мекендердің көркі жақсарып, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығы сақталуда. Бұл жұмыстар тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның бірлескен күш-жігерін қажет етеді. Сондықтан аудан тұрғындарының белсенділігі мен ұйымшылдығы ерекше маңызға ие.

Таза қоршаған орта – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Табиғатты қорғау, туған жердің тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, Сайрам ауданыны бұрынғыдан да көркейе түспек. Бұған белгілі бір мекемеде қызмет жасайтындар ғана емес ауыл тұрғындары да әрі қарай өз үлестерін қосатынын айтып отыр.

 

 

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close