Без рубрики

АСТАНАДА «БОЛАШАҚ ОЙЫНДАРЫ – 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСЫ ӨТЕДІ

Елордада биыл халықаралық деңгейдегі ірі спорттық дода ұйымдастырылады. 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астана қаласында «Болашақ ойындары – 2026» жарысы өтеді.

Ауқымды бәсекеге әлемнің әр түкпірінен 8 спорт түрі бойынша 800-ден астам спортшы қатысады. Жарысқа қатысушылар өзара бақ сынап, спорттағы шеберліктерін көрсетеді.

Халықаралық турнирдің жүлде қоры да қомақты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге берілетін сыйақының жалпы көлемі 4 миллион 650 мың АҚШ долларын құрайды.

«Болашақ ойындары – 2026» жарысы Астананың халықаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы ретіндегі беделін арттырып, елімізге әлемнің үздік спортшыларын жинайтын маңызды дода болмақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close