НҰРАЙ СЕРІКБАЙ ІСІ БОЙЫНША СОТ КҮНІ БЕЛГІЛЕНДІ
Шымкент қаласында қоғам назарын аударған 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысының күні белгілі болды.

Алдын ала сот тыңдауы 2026 жылғы 21 шілде күні сағат 10:00-де Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді.
Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді. Оның айтуынша, сот процесінде марқұм Нұрай Серікбайдың отбасының құқықтық мүддесін өзі және адвокат Мұхамеджан Ахметов қорғайды.
Алдағы алдын ала тыңдау барысында сот істі өндіріске қабылдау, процессуалдық мәселелерді қарау және негізгі сот талқылауын тағайындау мәселелерін қарайды деп күтілуде. Сондай-ақ тараптардың өтініштері мен өзге де процессуалдық мәселелер талқылануы мүмкін.
Еске сала кетейік, 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өлімі қоғамда кеңінен талқыланып, құқық қорғау органдарының тергеу әрекеттері көпшіліктің жіті бақылауында болды. Енді іс бойынша сот процесінің басталуы аталған қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты қарауға мүмкіндік береді.



