Без рубрики

АИДА БАЛАЕВА АҒЗА ДОНОРЛЫҒЫ ТУРАЛЫ АШЫҚ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева трансплантация мәселесіне арналған «4739» деректі фильмінің жабық көрсетілімінен кейін ағза донорлығы тақырыбына қатысты өз пікірін білдірді. Ол адам өмірін сақтап қалудағы әрбір шешімнің маңызын атап өтіп, донорлыққа қатысты жеке ұстанымын айтты.

Министр әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған жазбасында адам өмірі – ең жоғары құндылық екенін атап, трансплантация кезегінде тұрған мыңдаған адамның үмітіне назар аударды.

Бүгінде елімізде 4739 адам трансплантация кезегінде тұр. Бұл – 4739 үкілі үміт, елжіреген жүрек, жалтақтаған жанар. Олардың арасында 125 бала бар, – деп атап өтті министр.

Аида Балаева донорлық мәдениеттің қоғамдағы маңызына да тоқталып, мұндай шешімдер көптеген адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close