Без рубрики
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӨМІР КЕНІШІНДЕ ТАУ-КЕН ШЕБЕРІ ҚАЗА ТАПТЫ
Павлодар облысындағы «Майкүбі Вест» АҚ-ның көмір кенішінде өндірістік оқиға салдарынан тау-кен шебері көз жұмды. Қайғылы жағдайға байланысты құзырлы органдар тергеу жұмыстарын бастады.

Алдын ала мәлімет бойынша, 1984 жылы туған тау-кен шебері бұрғылау-жару жұмыстары кезінде ауыр жарақат алған. Оқиға орнында көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.
Қазіргі уақытта Мемлекеттік еңбек инспекциясының мамандары өндірістегі жазатайым оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында арнайы тергеу жүргізіп жатыр.
Тексеру нәтижесінде қайғылы оқиғаның нақты себептері анықталып, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына құқықтық баға берілетін болады.



