Без рубрики
ҚАЗАҚСТАНДА 2 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ЖАЛАҚЫ ҰСЫНЫЛАТЫН МАМАНДЫҚТАР АТАЛДЫ
Еліміздегі Enbek.kz платформасында қазіргі уақытта 53 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланған. Бұл туралы Еңбек министрлігі мәлімдеді.


Ведомствоның мәліметінше, жұмыс берушілер білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс, өндіріс, көлік және логистика салаларына білікті мамандарды іздеуде. Сонымен қатар арнайы мамандығы немесе кәсіби тәжірибесі жоқ азаматтарға арналған бос жұмыс орындары да жеткілікті.
Министрлік ұсынған ақпаратқа сәйкес, жалақы мөлшері маманның кәсібіне, біліктілік деңгейіне және еңбек өтіліне байланысты белгіленеді. Қазіргі таңда 11 мыңнан астам вакансия бойынша еңбекақы көлемі 300 мың теңгеден жоғары.
Ең жоғары жалақы білікті мамандарға ұсынылған. Атап айтқанда:
Еңбек министрлігі жұмыс іздеушілерге өз біліктілігі мен тәжірибесіне сәйкес келетін бос жұмыс орындарын электрондық еңбек биржасы арқылы қарап, тікелей жұмыс берушілермен байланыс орнатуға мүмкіндік бар екенін атап өтті.