Без рубрики
ҚОСТАНАЙДА АЛАЯҚТЫҢ 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ МҮЛКІ ТӘРКІЛЕНДІ
Қостанай облысында лицензиясыз микрокредит беру арқылы азаматтарды тиімсіз қарыз шарттарына тартқан тұрғынға қатысты сот үкімі шықты.


Тергеу мәліметінше, сотталушы заңнамада көзделген лицензиясыз микрокаржы қызметін ұйымдастырып, азаматтарға жоғары пайызбен қарыз берген. Соның салдарынан көптеген адам қаржылық қиындыққа тап болып, тиімсіз несие шарттарына тәуелді болған.
Сот үкімімен заңсыз қызметтен түскен кірістер мен сотталушының жалпы құны 1 миллиард теңгеден асатын мүлкі мемлекет кірісіне тәркіленді.
Құқық қорғау органдары мұндай заңсыз қаржылық қызмет азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіретінін атап өтті. Осыған байланысты тұрғындарға қарыз рәсімдеу кезінде ұйымның лицензиясының бар-жоғын міндетті түрде тексеруге және күмәнді қаржы ұйымдарының қызметіне жүгінбеуге кеңес берілді.
Үкім заңды күшіне енгеннен кейін тәркіленген мүлік мемлекет меншігіне өтеді. Құзырлы органдар заңсыз несие беру фактілерін анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.