ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ТАЛАБЫН БҰЗҒАН 23 АДАМ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалықты сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл ретте өңірде қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз етуге ғана емес, тұрғындардың қоғамдық орындарда белгіленген талаптарды сақтауына да ерекше мән беріліп отыр.

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында құрылған мобильді топ Келес ауданында рейдтік іс-шара өткізді. Мамандар қоғамдық аумақтардың санитарлық жағдайын бақылап, абаттандыру талаптарының орындалуына назар аударды.
Рейд барысында аудан аумағындағы саябақтар, скверлер, жағалау аймақтары, демалыс орындары және тұрғындар көп шоғырланатын өзге де қоғамдық орындар тексерілді. Нәтижесінде тазалық талаптарының сақталуына қатысты 18 құқық бұзушылық фактісі анықталды.
Бұдан бөлек, қоғамдық орындарда, демалыс аумақтарында, саябақтар мен базар маңында тиісті талаптарды бұзған азаматтарға қатысты шаралар қабылданды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес 23 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.
Тазалық талаптарын сақтау тек арнайы қызметтердің немесе коммуналдық мекемелердің міндеті емес. Қоғамдық орындардың таза әрі көрікті болуы әр тұрғынның жауапкершілігіне тікелей байланысты. Осыған байланысты рейдтік жұмыстармен қатар тұрғындар арасында түсіндіру шаралары да жүргізілуде.
Мобильді топ өкілдері азаматтарға саябақтарда, демалыс орындарында және басқа да қоғамдық аумақтарда тазалық сақтау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамау, қоғамдық тәртіп талаптарын бұзбау қажеттігін түсіндірді. Сондай-ақ заң талаптарын сақтамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделетіні ескертілді.
Мұндай профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты – тұрғындарға жаза қолданумен шектелмей, қоғамдық мәдениетті қалыптастыру және тазалыққа деген ортақ жауапкершілікті арттыру. Қоғамдық орындардың тазалығын сақтау арқылы елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік ба



