Без рубрики
АҚБАЯН МҰҚАНҒАЛИЕВА БАЛАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Психикалық денсаулық орталығынан шыққан Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен кездесті. Жүздесу кезінде түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда оның балаларын қуана қарсы алып, құшағына алғанын көруге болады.

Қазір Ақбаян туыстарының үйінде тұрып, емін жалғастырып жатыр. Туыстарының айтуынша, балаларымен араласуы оның жағдайына оң әсер етіп келеді.
Ал Ақбаянға ата-анасы, ағасы мен әпкесінің қазасы туралы әзірге айтылмаған. Жақындары ауыр хабарды жеткізу оның қазіргі жағдайын күрт нашарлатып жіберуі мүмкін деп алаңдап отыр.
Бұған дейін Атырау облысында әйелінің ата-анасы мен бауырларын өлтірген Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот үкімі шыққан. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылған.
Қазіргі уақытта Ақбаянның ем қабылдау барысы мен жағдайын жақындары бақылауда ұстап отыр. Туыстары оның балаларымен кездесуі оң әсер етіп жатқанын атап өтті.



