Без рубрики

КИІК АУЛАУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ҮШІН 5 МЛН ТЕҢГЕ ТАЛАП ЕТКЕН ШЕНЕУНІК ҰСТАЛДЫ

Батыс Қазақстан облысында «Охотзоопром» мекемесі филиалының басшысы 5 млн теңге алып жатқан жерінде ұсталды. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.

Тергеу мәліметінше, «Охотзоопромның» батыс филиалының басшысы Арман Құжахметов кәсіпкерден өңірде киік аулауға рұқсат беру үшін 5 млн теңге талап еткен.

Шенеунік 11 қыркүйекте ақшаны алып жатқан кезде ұсталған. Келесі күні Орал қаласының соты оған екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Қазіргі таңда іс қызметтік жағдайын пайдаланып алаяқтық жасау фактісі бойынша тергеліп жатыр.

«Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ҰҚК.

Комитет тергеу құпиясына байланысты істің өзге мән-жайларын жарияламады.

Арман Құжахметов «Охотзоопромның» батыс өңірлік филиалын 2020 жылғы наурыздан бері басқарып келген.

Күдіктінің кінәсі сотта дәлелденген жоқ. Тергеу жалғасып жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close