Без рубрики

ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПҚА АРНАЛҒАН БАСПАНА ДАУЫ: ЭКС-ДЕПУТАТТАР АПЕЛЛЯЦИЯДА ЖЕҢІП ШЫҚТЫ

Әлеуметтік осал топтарға арналған баспана дауы: апелляциялық сот экс-депутаттардың пайдасына шешім шығарды

Іс материалдарына сәйкес, бұрынғы аудандық мәслихат төрағасы 2020 жылы ескі жатақхананы 8 млн теңгеге сатып алған. Кейін ғимарат 70 пәтерлі тұрғын үй ретінде рәсімделіп, мемлекетке 672 млн теңгеге сатылған.

Айыптау тарапы ғимараттың техникалық талаптарға сай келмегенін, онда газ бен ыстық су болмағанын мәлімдеген.

Бұған дейін бірінші сатыдағы сот бұрынғы мәслихат төрағасы Бақытжан Қадралинді 6 жыл 6 айға, депутат Азамат Жәлімбетовті 6 жылға, ал бұрынғы бөлім басшысы Әнес Сейілханды 5 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

 

Алайда апелляциялық сот әкімдіктің 672 млн теңгені өндіріп алу туралы талабын қанағаттандырмады. Сондай-ақ сотталғандардың жылжымайтын мүлкіне қойылған тыйым мен депозиттегі шамамен 50 млн теңгені тәркілеу туралы шешімнің күшін жойды.

Қазіргі таңда жатақхана мемлекет меншігінде қалды. Ғимарат бюджет қаражатына жөнделіп, кейін тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға беріледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close