Қоғам

ӨРТ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ІЗДЕУ – ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Өрттің орнына байланысты – тұрмыстық, өнеркəсіптік (техногенді) жəне табиғи болып бөлінеді. Өрт болып жатқан аралық үш аймаққа бөлінеді: жану, жылу əсері, түтіндену. Жанғыш материалдар мен заттар тұрған жəне олар тікелей жанып жатқан кеңістіктің бөлігі жану аймағы болып табылады.

Өрттің негізін құраушы от (жалын), түтін, күл, күйе. Бу жəне газ болатын кеңістік жалын деп аталады. Ауада қалқып тұрған жағдайда жанбайтын ұсақ күйе бөлшектері мен қатты тотықтар түтін түзеді, айтарлықтай үлкен жанбайтын бөлшектер күл түзеді.

Өрттің негізгі зиян келтіретін факторлары: ашық от, ұшқындар, жылы сəулелену, түтін, төмендетілген оттек концентрациясы, жанған уытты өнімдер (көгерткіш қышқыл, көміртек тотығы, фосген, акрилонитрил), құлайтын заттар мен құрылыстар. Əрбір өрттің өзіндік сипатты белгісі бар:

Түтіннің қара түсі өртте күйенің бары туралы дəлелдейді, ол мұнай өнімінің, резеңкелердің, көмірлердің жанып жатқанының белгісі. Ақшыл түтін

  • онда магний тотығының жəне едəуір мөлшерде су буының барлығы. Оттектің көлеміне байланысты жалын жарқырамайтын (50% дейін) жəне жарқырайтын (50% жоғары) болады. Жанып жатқан затта көміртек болған кезде жалын ыс бөліп шығарады. Өзіне тəн ерекше иіспен, түспен, дəмімен, көздің шырышты қабықшаларына əсер етуімен, дем алу жолдарымен құтқарушылар ауадағы (түтіндегі) қауіпті затты анықтай алады. Мұндай заттардың сипатты белгілері төменде көрсетлген:

Аммиак. Өткір иісті, дем алу жолдарын тітіркендіреді, көзді ауыртады жəне жасауратады, жөтелдіреді.

Хлорлы сутек. Ащы иісті, дем алу жолдарын қатты тітіркендіреді, қарлығуды, тұншығу сезімін қоздырады.

Цианисті сутек. Ашты бадам иісті, өңешті тырналап жатқанын сезінеді, ауызда күйдіргіш ащы дəмді сезінеді.

Күкіртті газ. Өткір иісті, өте кішкене концентрация көздің шырышты қабықтарын, дем алу жолдарын тітіркендіреді, тым жоғары концентрациялар қарлығуға алып келеді.

Формальдегид. Түтіннің ақ нығыздалған түрі, көздің шырышты қабықтарын, мұрынды, дем алу жолдарын тітіркендіреді.

Хлор. Ащы иісті жасыл – сары газ, дем алу жолдарын тітіркендіреді.

Құтқарушылардың өрт кезіндегі негізгі міндеті – зардап шеккендерді іздеу жəне көмек көрсету. Құтқару жұмыстары:

  • зардап шеккендерді өрт аймағында тауып алу кезінде;
  • өрттің адамның өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірген кезінде;
  • құрылыстың жарылу немесе қирау қаупі болған кезде;
  • адамдар өз беттерімен қауіпті жерден кете алмаған жағдайда, үрейлі – дүрбелең болған жағдайда жүргізіледі.

Адамдарды құтқару тəртібі өрттің нақты жағдайына байланысты анықталады. Бірінші кезекте өмірлеріне қауіп төніп тұрған зардап шеккендерге, сонымен қатар балаларға, ауруларға, қарт адамдарға көмек көрсетіледі.

Fимараттарда өрт болған кезде: зардап шеккендердің құтқарушылардың алып жүруімен шығуы; зардап шеккендерді сатымен, арқанмен, жең қаптармен көшіру, тік ұшақпен көшіру үшін төбеге көтеру – аман қалудың негізгі əдісі болып табылады.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құтқарушылар алып жүре алатын қысқа жəне қауіпсіз жолдарды таңдаулары керек: негізгі кіретін жəне шығатын, запас (өрт) шығулар, өрт сатылары; сатыны, арқанды пайдалану арқылы терезе ойықтары жəне балкондар; қабырғаларға жəне жабық жерлерге құтқарушылар жасаған саңылаулар.

Зардап шегушілер отырған жабық терезелер мен есіктерді құтқарушылар сүйменнің, ауыр балғаның, балтаның, кескіштің, балғаның, электрлі жəне пневматикалық құралдың, газэлектр балқытуды жəне жарудың көмегімен ашу керек.

Жанып жатқан ғимараттың есігін абайлап ашу керек жəне кенеттен от жəне түтін шыққан жағдайда жарақат жəне күйік алмас үшін оның бір шетіне қарай тұру қажет. Терезені ашу келесі əдіс арқылы жүргізіледі. Құтқарушы оған сатымен немесе механикалық көтергіш құрылғысымен көтеріледі. Егер терезе торланған болса, онда торды кесу керек. Торды алып тастау үшін сылақты терезенің периметрімен алып тастайды, содан кейін кірпіштерді оның бекітіліп тұрған орнынан ұрып шығарады. Бұл жұмыстар терезенің үстіңгі бөлігінен басталады. Терезені аша алмаған жағдайда əйнекті сындыру керек, рамада қалған сынықтарды алып тастап ғимаратқа кіру қажет.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құтқарушыларға металдан, жұқа тақтайдан, черепицадан, шифердан, руберойдтан жасалған шатырды ашуға тура келеді. Металл шатырларды сүйменнің, балтаның, араның, металдан жа- салған тістеуікпен жəне қол араның көмегімен ашады. Черепицалы жəне шиферлі шатырлар торға арамен кесіп саңылау жасап черепицаларды жəне шиферлерді ашу жолымен жүргізіледі; руберойдты шатырға саңылау (ойық) балтамен, сүйменмен, арамен, электр ажарлайтын машинамен жасалады. Жұқа тақтайлы шатыр төбені ашып жəне сүйменнің, балтаның, көмегімен тақтайларды жұлып алады. Оған ойық 2-3 тақтайды алып тастағаннан кейін арамен жасалады. Сабан жəне қамыс төбелерді төбені жабатын материалдарды багроммен жəне вилламен алып тастайды.

Құтқарушылар ғимараттың ішіне кіргеннен кейін олар зардап шеккендерді іздеуге кіріседі. Бұл жұмысқа бір уақытта бірнеше адам қатысуы керек, оның үстіне олар бір – бірімен үнемі радио, дауыс, ым, жарық дабылдар арқылы байланыста болулары тиіс. Іздеу кезінде барлық ғимарат қаралып шығады, дауыспен жəне тарсылмен дабыл беріледі, жауап, ыңырсу, айқай белгілері болуы мүмкін. Құтқарушылар ереже бойынша үлкен адамдар жанып жатқан үйден есікке, терезеге, балкондарға жиналып өз беттерінше шығуға тырысатынын білу керек; балалар бұрышқа, төсектің, үстелдің астына, шкафтардың артына немесе шкафтардың ішіне тығылады, қоймаларға, дəретхана жəне ванна бөлмелеріне жасырынады. Шақырған дауыстарға олар мүлде жауап бермейді десе де болады.

Іздеу тек барлық зардап шеккендерді тапқаннан кейін тоқтатылады.

Ғимарат қатты түтін болған жағдайда құтқарушылар кешіктермей терезелер мен есіктерді ашып желдетулері керек. Кейде түтін сорып алғыштарды пайдалану орынды. Түтінді бір мезгілде салқындататын жəне оның катты бөлшектерін серігітетін сумен тазартылған сорғалатып ағызғышпен азайтуға болады.

Зардап шегушіні тапқаннан кейін құтқарушы оған ылғалды мата жабады, қолынан ұстайды немесе қолына алып қауіпсіз орынға (көтеріп апарады) шығарады. Зардап шегушінің аузы мен мұрны дымқыл орамалмен, шарфпен, бас жаулықпен жабылады, оған газқағар немесе оттек маскасын кигізеді. Адамды түтінденген, жанып жатқан, ыстық аймақтан шығара отырып, қолында арнайы қорғаныс құралдары болмаса, құтқарушының өзі басын нығыздалған дымқыл матамен орап, көрпемен, жамылғымен орану керек. Қауіпті аймақтан тез жəне абайлап, ал ашық отты жерден жүгіріп өту қажет.

Өрт кезінде адамдардың жарақат алуы жəне қаза болуы тұншығудан, уытты жанған өнімнен уланудан, ыстықтан зақымданудан, өрт аймағынан өз бетімен шыққан кезде құлаудан, жарылған кезде жəне заттардың құлауы кезінде, қысылып қалудан жəне үрейлі – дүрбелең уақытында болады.

Егер адамдар үрейлі болса, онда құтқарушылар өздерін байсалды жəне сенімді ұстаулары қажет, бұйрықты айқын дауыспен беріп, үрейлі көңіл – күйді тез жəне лезде басулары керек. Клубта, кинотеатрда, циркте, концерт залында, адамдардың көп жиналатын жерлерінде өрт болған кезде құтқарушылар бірінші кезекте балкондағы, галереядағы, адамдарға көмек көрсетулері керек, өйткені бұл жерлерде жанған өнімдер тез қаулап жиналады да температура көтеріледі.

Емдеу мекемесінде өрт болған жағдайда құтқарушылар медицина құрамымен жақын араласып жұмыс істеп жəне оның нұсқауларын орындау керек. Балалар мекемесінде өрт болған жағдайда құтқарушылар барлық бөлмелерді, шкафтарды, төсектерді, қабырға мен перделердің арасын мұқият қарап шығуға міндетті, содан кейін балаларды қауіпсіз орынға (көтеріп алып) шығарады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close