Қоғам

ТҮРКІСТАНДА 800 ПӘТЕР МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ИПОТЕКАЛЫҚ САТЫЛЫМҒА ШЫҒАРЫЛАДЫ

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков “Отырар” шағын ауданындағы 5 қабатты 20 үйдің құрылысын бақылап, мердігерлермен кездесті.

Өндірістік кестеге сай атқарылуы тиіс жұмыстарды тексеріп, құрылыс саласына жетекшілік жасайтын орынбасары мен бөлім басшысының есебін тыңдады. Ішкі әрлеу жұмыстары басталған үй мердігерлері техникалық талаптардың сақталғанын жеткізсе, қадағалаушы мекеме өкілдері талаптардың бұзылмағанын баяндады.

Өндірістік кестеден кешеуілдеген мердігерге ескерту жасалды, белгіленген мерзімде аяқталмаған тірліктер үшін заңға сәйкес шара көрілетіні ескертілді.

  Құрылысты мерзімінде аяқтау — талап, сапалы аяқтау — басты міндет. Өз отбасыларыңыз тұруға лайықты үй болсын — осындай жауапкершілік сұралады Сіздерден. Қазір баспаналардың біршамасын аралап көрдім, бөлім басшысына кемшіліктер бойынша тиісті тапсырмаларды бердім, дегенмен қателіктерге жол бермеген дұрыс, — деді Нұрбол Әбдісаттарұлы өз сөзінде.

Нысан құрылысы аяқталған соң 800 пәтер мемлекеттік бағдарлама аясында ипотекалық сатылымға шығарылатын болады.

Tags

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close