Без рубрики

АЛМАТЫДА 2 БАЛЛДЫҚ ЖЕР СІЛКІНІСІ СЕЗІЛДІ

2026 жылғы 29 шілдеде Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» хабарлады.

Мәліметке сәйкес, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 11:09-да сейсмикалық станциялар желісі арқылы анықталған.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым қашықтықта орналасқан. Эпицентр координаттары солтүстік ендіктің 41.357° және шығыс бойлықтың 78.778° нүктесінде болған.

Сейсмикалық құбылыс Алматы қаласында 2 балл деңгейінде сезілген.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close