Без рубрики

ҚОНАЕВТА САРБАЗ ТӨРТІНШІ ҚАБАТТАН ҚҰЛАП ЖАРАҚАТ АЛДЫ

Қонаев гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші жарақат алды. Оқиға 2026 жылғы 3 тамызда болған.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сарбаз әскери бөлім аумағындағы ғимараттың төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен.

Жарақат алған әскери қызметші дереу медициналық мекемеге жеткізіліп, оған қажетті мамандандырылған көмек көрсетілуде. Оның жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Алдын ала мәлімет бойынша, сарбаз оқиғаға дейін әскери қызмет өткеру жағдайына байланысты ешқандай шағым білдірмеген.

Сондай-ақ оқиға қарсаңында әскери қызметшінің ата-анасы бөлімге келіп, ұлымен кездескен. Кездесу барысында олардың тарапынан қандай да бір өтініш немесе шағым түспеген.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close