Без рубрики
КИПРДЕ ПЫШАҚТАЛҒАН ҚЫЗ ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ ЕМЕС
Солтүстік Кипрдің Никосия қаласындағы супермаркеттердің бірінде болған пышақ шабуылынан зардап шеккен қыздың Қазақстан азаматы еместігі анықталды.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен бірқатар ақпарат көздерінде зардап шеккен 22 жастағы қыздың Қазақстан азаматы екені туралы ақпарат тараған болатын. Алайда кейін бұл мәлімет расталмай, ресми түрде жоққа шығарылды.
Осылайша, Никосиядағы супермаркетте пышақталған қыздың Қазақстан Республикасының азаматы емес екені белгілі болды.
Оқиғаның мән-жайын жергілікті құқық қорғау органдары анықтап жатыр.



