Без рубрики

ЖАПОНИЯДАҒЫ ЗІЛЗАЛАДАН ҚАЗА ТАПҚАНДАР САНЫ 38-ГЕ ЖЕТТІ

Жапонияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 38 адамға жетті. Тағы 13 адам ауыр халде ауруханада ем қабылдап жатыр.

Табиғи апат салдарынан 4,5 мыңнан астам ғимарат бүлініп, шамамен 50 мың тұрғын үй мен кәсіпорын ауызсусыз қалған.

Қазіргі уақытта өңірдегі эвакуациялық орталықтарға 10 мыңға жуық адам орналастырылып, зардап шеккен тұрғындарға қажетті көмек көрсетілуде.

Жапония үкіметі зілзаланың салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстарына 20 миллиард иен бөлуді жоспарлап отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close