Без рубрики

ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫНЫҢ ЖАҢА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне Елжас Отыншиев тағайындалды.

Елжас Отыншиев 1982 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген. Ол Мәскеу физика-техникалық институтында «Жалпы және қолданбалы физика» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы Ernst & Young компаниясының Мәскеудегі кеңсесінде бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу департаментінің консультанты ретінде бастаған.

2009–2019 жылдары «Самұрық-Қазына» қоры мен оның еншілес ұйымдарында түрлі басшылық қызметтер атқарды. 2021–2023 жылдары KIDF ұйымында инвестициялық портфельді басқару бағытына жетекшілік етті.

2023 жылдың сәуірінен бастап осы уақытқа дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры болды. Бұл қызметте мұнай-газ, теміржол, тау-кен және өзге де стратегиялық салалардағы портфельдік компанияларды басқаруға жауапты болды.

2024 жылдың ақпан айынан бері «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі қызметін атқарып келген.

Елжас Отыншиев 2023 жылы ел экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close