Без рубрики

ҚАЗАҚСТАН ҚЫТАЙ МЕН ҚЫРҒЫЗСТАНҒА ЖАҢА ӘУЕ БАҒЫТТАРЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Қазақстан халықаралық әуе қатынасын кеңейтіп, жолаушылар үшін тағы екі жаңа бағытты іске қосты.

FlyArystan әуе компаниясы енді Қытай мен Қырғызстанға тұрақты рейстер орындайды.

26 маусымнан бастап Ақтау – Үрімші бағыты бойынша аптасына екі рет әуе рейсі қатынай бастады. Ал 3 шілдеден бастап Астана – Ыстықкөл бағыты ашылып, бұл бағытта да ұшақтар аптасына екі мәрте қатынайды.

ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа әуе бағыттары Қазақстанның Қытай және Қырғызстанмен туристік, іскерлік әрі сауда-экономикалық байланысын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, халықаралық сапарларға сұраныс артып келе жатқан кезеңде жолаушылар үшін қолайлы әрі тиімді қатынас жолдарын кеңейтуге ықпал етеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close