Без рубрики
АЛМАТЫ – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨМІР СҮРУ ҚҰНЫ ЕҢ ЖОҒАРЫ ҚАЛА АТАНДЫ
Әлемнің 547 қаласы қамтылған халықаралық рейтингте Алматы Қазақстандағы өмір сүру құны ең жоғары қала ретінде танылды.

Зерттеу азық-түлік бағасы, кафе мен мейрамханалардағы қызмет құны, көлік, коммуналдық төлемдер және басқа да күнделікті шығындар негізінде жасалған.
Рейтинг қорытындысы бойынша Алматы 409-орынға жайғасып, Куала-Лумпур мен Тбилиси қалаларының арасында орналасты. Осылайша, оңтүстік мегаполис еліміздегі өмір сүру құны ең жоғары қала ретінде бағаланды.
Ал елорда Астана бұл тізімде 469-орыннан көрінді. Бұл көрсеткіш Астанадағы өмір сүру шығындарының Алматымен салыстырғанда біршама төмен екенін аңғартады.



