Без рубрики

МЕРЕКЕ КҮНІ ҚАЗАҚСТАНДА 448 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Мереке күні елімізде жүздеген отбасы үшін ерекше қуанышқа толы сәт болды

Қазақстан бойынша бір тәулікте жалпы саны 448 сәби дүниеге келіп, олардың 223-і ұл, 225-і қыз болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, осы күні екі егіз өмірге келген. Қуанышты оқиға Астана қаласында тіркеліп, екі отбасы бірден егіз сәбилерді құшағына басты.

Өңірлер арасындағы туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастады. Мұнда бір күннің ішінде 67 нәресте дүниеге келген. Бұл көрсеткіш өңірдегі демографиялық өсімнің жоғары екенін тағы бір мәрте байқатады.

Екінші орында Алматы қаласы тұр. Мереке күні мегаполисте 44 сәби өмірге келген. Ал Шымкент қаласы мен Алматы облысында әрқайсында 40-тан нәресте дүниеге келген.

Жаңа туған сәбилердің аман-есен өмірге келуі – мыңдаған отбасы үшін үлкен қуаныш әрі елдің жарқын болашағының кепілі. Дәрігерлер мен акушерлер тәулік бойы үздіксіз қызмет атқарып, аналар мен сәбилердің денсаулығын бақылауда ұстап келеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close