Без рубрики

ҮКІМЕТ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗДІ

Үкімет Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне өзгерістер енгізді. Жаңа қағидалар 13 шілдеден бастап күшіне енеді.

Жаңа талаптарға сәйкес, енді азаматтар мен ұйымдарға Мемлекеттік туды тұрғын және тұрғын емес ғимараттарға, сондай-ақ балкондарға ресми түрде ілуге рұқсат берілді. Балконға орнатылған ту 45 градус бұрышпен бекітілуі тиіс. Ал жеке тұрғын үйлерде ту кемінде үш метр биіктікте орналастырылады. Түнгі уақытта оны жарықтандыру міндетті емес.

Құжатта Мемлекеттік туды пайдалану тәртібі де нақты көрсетілген. Ту жерге, еденге, суға немесе басқа да беттерге тимеуі керек. Тік ілінген жағдайда ұлттық өрнегі жоғары жағында орналасуы қажет. Сондай-ақ Мемлекеттік ту әрдайым таза, бүтін және өңі оңбаған күйде болуы тиіс.

Бұдан бөлек, жаңа қағидалар көлік құралдарының салонында Мемлекеттік туды орналастыруға және ғимараттың қасбетіне ілу мүмкін болмаған жағдайда оның жанына арнайы ту тұғырын орнатуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Мемлекеттік туды коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым сақталады. Оны киім, төсек-жабдықтары, перде, дастарқан, кілемше және осыған ұқсас тұрмыстық бұйымдарға қолдануға болмайды. Дегенмен, жаңа өзгерістерге сәйкес Мемлекеттік тудың бейнесін спорттық киім мен спорттық экипировкада пайдалануға ресми түрде рұқсат берілді.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close