Без рубрики

ЖАЛҒАН ЕМШІЛЕР ЗЕЙНЕТКЕРДІ 15 МЛН ТЕҢГЕГЕ АЛДАҒАН

Қарағанды қаласында өзін емші әрі балгер ретінде таныстырған үш әйел 78 жастағы зейнеткерді алдап, 15 миллион теңгеге жуық ақшасы мен алтын бұйымдарын иемденіп кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер зейнеткерге «қарғысты қайтарамыз» деп сендіріп, бағалы заттарын арнайы рәсім жасау үшін өздеріне беруді сұраған.

Олар әйелге мөрленген түйіншек ұстатып, оны тек 40 күннен кейін ашып, ішіндегі заттарды өртеп, күлін өздеріне әкелу қажет екенін айтқан.

Алайда сол түні-ақ күмәнданған зейнеткер түйіншекті ашып көргенде, оның ішінде бағалы заттардың орнына бос қағаз ғана жатқанын анықтаған. Осыдан кейін ол полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті үш әйел ұсталды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button
Close