ТЕМІРЖОЛ КӨЛІГІНДЕГІ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Теміржол адамдар үшін потенциалді қауіп төндіреді. Бұл қауіпті жүктерді тасымалдаумен, олардың поездға, станцияға, қоймаларға жиналуына, локомотивтерге ЖЖМ отын түрінде пайдалануға байланысты.
Барлық жоғарыда айтып кеткен факторлар теміржол көлігінде əртүрлі авариялар мен апаттардың болуына əкеледі. Теміржолдағы ТЖ ретінде түсіндірілетіндер: жылжымалы составтың жолдан шығуы, құлау, апаттар, өрттер, жарылстар, қауіпті жүктердің жойылуы жəне өлімге, жарақаттануға, улануға, эгологиялық шығынға ұшыратуға алып келетін басқа да оқиғалар.
Көлік жүйесіндегі жетекші орынға теміржол көлігі тиесілі. Қазақстанның темір жолымен арнайы құрамдағы мыңдаған жүктер, жолаушылар жүріп тұрады. Теміржол көлігі құрамына:
- теміржол төсемдері (рельстер, шпалдар, бұру тетіктері);
- теміржол құрамы (локомотивтер, вагондар, цистерналар, платформалар);
- теміржол депосы (жөндеу шеберханалары, қоймалық ғимараттар, запас жолдар), теміржол вокзалдары кіреді.
Теміржол көлігінің ерекше сипатына:
- жылжымалы составтың үлкен массасы жатады. Жүк поезінің жалпы массасы шамамен 5 мың.т, жолаушылар составының массасы шамамен 1 мың. т, цистернаның массасы — 80-100 т.;
- составтағы вагонның санын анықтау: жолаушылар тасымалдайтын поездарда ортамен 16, жүк поезында 75. Составтағы вагонның ең көп саны – 110;
- жоғары кернеулі электртоғы (30 кВ дейін), жылжу составының жоғары жылдамдығы, жолдың қауіпті учаскелері (көпірлер,тоннелдер, еңістер, өрлер);
- қолда бар адамдар факторы (локомотивті басқару, құрамдарды іріктеу, диспеичерлік қызмет ету);
Теміржол көлігіндегі ТЖ туралы ақпаратты телефон байланысы арқылы немесе поезд бастығы арқылы жақын арадағы кезекшіге хабарлайды.
Апат орнына құтқарушылар келгенде:
- барлау жүргізіледі жəне жағдайды бағалайды;
- қауіпті аймақ шекарасын анықтайды жəне оған қоршау орнатады;
- зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында ІҚЖ жүргізіледі;
- ТЖ зардабын жояды (ТЖ көздерін жою, өртті сөндіру жəне т.б.).
Жолаушыларды тасу кезінде ТЖ зардабын жою
Адамдарды темір жол арқылы тасымалдау үшін 160 адам сиятын жолаушылар вагоны қолданылады. Вагонның ұзындығы 24 м, ені-3,5 м, массасы 50 т екі есікпен қамтылған. Олар үш қырлы немесе төрт қырлы дөңбекті кілтпен ашылатын арнайы құлыптармен жабдықталған. Кіретін есіктер вагонның ішіне қарай ашылады. Вагонның ішіндегі өтетін жердің ені 110 см құрайды. Вагон электр жабдық, желдеткіш, жылу жабдық жүйелерімен жабдықталған.
Жолаушылар үшін поездың кенеттен тоқтауы жəне вагондардың аударылуы қауіп төндіреді. Сонымен қатар жолаушылардың текшеден құлаулары, олардың жарақаттануы болады. Əдеттегі жарақаттарға денені соғып алу, сынықтар, бас миының шайқалуы, дене бөлігінің басылып қалуы жатады.
Вагондағы зардап шегушілерге көмек көрсету үшін құтқарушылар:
- вагонға кіретін есіктен, терезе ойығынан жəне арнайы жасалған люктер арқылы кіруге;
- зардап шегушілерді іздеуге, олардың босатылуын жəне көшірілуін ұйымдастыруға;
- зардап шеккендерге бірінші медициналық көмекті ұйымдастыруға міндетті.
Құтқарушылардың вагонға енуі кіретін есік арқылы оларды вагонның сыртынан немесе ішінен ашқаннан кейін жүзеге асырады. Олар сыналасып қалған жағдайда сүймен, ауыр балға, кескіш, механикаландырылған құралдар қолданылады. Вагонға терезе ойығы арқылы кіру үшін сүйеп қоятын жəне ілінетін сатылар, арқандар пайдаланылады. Құтқарушылар терезеге бір – бірінің үстіне шығып немесе біреуі келесісінің қолынан тартып кіре алады. Мұнда ерекше қауіпті терезе əйнегінің кесектері тудырады, оларды міндетті түрде алып тастаулары керек. Вагонға кіргеннен кейін құтқарушылар купе есіктерін ашуға, іздеуге, көшіруге, зардап шеккендерге көмек көрсетуге кіріседі.
Вагонның астында қалған адамдарды құтқару үшін оны, қажет болған жағдайда көтереді. Бұл жұмыстар жүк көтеретін кранның немесе арнайы жүк көтеретін үлкен домкраттың көмегімен орындалады. Кейде зардап шеккендерді вагонның астынан тиісті жерді қазып немесе құрылысқа ойық жасап шығарады. Адамдар үшін жолаушылар вагонында болған өрт ерекше қауіп төндіреді. Ішкі бөлмеде қолданылатын тез жанатын жəне жанғыш материалдарды (ағаш, пластмассалар, бояғыш заттар) электр өткізгіштер вагонның отқа тез орануына ықпал етеді. Жолаушылар поездындағы өрт тез таралады. Кейде вагондарды бірінен кейін бірін алады. Əсіресе бұл поезд жүріп бара жатқан уақытта жиі кездеседі. Вагон дəлізіндегі өрттің таралу жылдамдығы 5м/мин, купеде-2,5м/мин құрайды. Сөйтіп 15-20 минут ішіңде вагон толығымен жалынға оранады: ондағы жану температурасы 950 °С жетеді, ал жолаушыларды көшіруге тек қана 1,5-2,0 минут қалады. Қатты жанғыш материалдар жанған кезде вагон едені өртенеді ол 15-20 мин. Қатты жанатын жанғыш материалдардың жану жалынының биіктігі 10 см жетеді, жалынның температурасы 1100 °С, өрттің жану жылдамдығы 1,4м/мин құрайды. Тепловоздардағы өрт үлкен мөлшердегі отынның болуымен қиындай түседі (5- 6т) жəне жағатын материалдар (1,5-2,0 т). Өрт кезінде жолаушылар вагонында өрт барысында болатын зақымдану факторлары болып, жоғары температура, тіктеп жанатын от, уландырғыш заттар табылады. Осының бəрі үрейлі дүрбеленді күшейтеді. Жолаушылар поезындағы өрт кезінде құтқарушылардың негізгі міндеті барлық зардап шеккендерді жедел іздестіруді жəне оларды вагоннан қауіпсіз орынға көшіруді жүргізу, қозғалу уақытында жанып жатқан составты тастап кеткендсрді іздеп табу, өртті жоюға қатысу.
Жолаушылар вагонындағы жарылыстар ТЖ бір түрі болып табылады. Олар адамдардың жарақаттануына жəне қаза болуына, өрттің шығуына, жылжымалы составтың аударылуына жəне жолдардың бұзылуына əкеледі. Жарылудың себебі жарылу қаупі бар заттарды тасымалдауда ережені бұзу, тексеру жолында (төменде) жарылу қаупі бар қоспаның, лаңкестік актіні тергеу құрамының пайда болуы.
Кейде жолаушылар поезі қар үйінділерімен, топырақтармен, құлаған тастармен, көшкіндермен, сел тасқындарымен, сумен жабылады. Мұндай жағдайда зардап шеккендерді босату үшін жəне оларға көмек көрсету үшін шұғыл шара қолдану қажет.